30 қыркүйекте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қоғамдық-консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шара барысында Кеңестің төрағасы қайта сайланды.
Кезекті отырысқа ҚР Парламенті депутаттары, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты. Бұл жолы «Қазақстандық гематолог - дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ирина Пивоварова Қоғамдық-консультативтік кеңестің төрағасы болып сайланды. Ал «Қазақстандық телемедицина және электрондық денсаулық сақтау ассоциациясы «QazTEH» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Лейла Даирбаева төраға орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұрын сайланған Қоғамдық-консультативтік кеңестің төрағасы Константин Авершин өз өтініші бойынша кеңестен шығарылды.
Шара барысында Кеңес мүшелері ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерімен жасалған шарттар талаптарының орындалуын мониторингілеу қағидаларына енгізілген негізгі өзгерістерді талқылады. Басты назар мониторинг түрлерін екіге (ағымдағы және жоспардан тыс) қысқартуға, ықтимал кемшіліктерді аумақтан тыс қарау тетігін енгізуге, процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ апелляция институтын енгізуге аударылды.
Сондай-ақ Қор тарапынан жаңа тәсілдер бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері ұсынылып, Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің форматтық-логикалық бақылауларды қолдану тәртібі талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесінде қолданылатын алгоритмдерді бейінді қауымдастықтармен талқылау жөнінде ұсыныстар берді.
«МӘМС жүйесін жетілдіруге қатысты ұсынымдарыңыз бен Қор қызметінің тиімділігі, ашықтығы мен айқындығын арттыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. 2025 жылға арналған Қоғамдық-консультативтік кеңес жұмыстарының жоспарына сәйкес, келесі отырыс медициналық қызметтерге ақы төлеу сұрақтарын талқылауға арналады», – деп атап өтті кездесу соңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тажибаева.
Шара барысында Кеңес мүшелері ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерімен жасалған шарттар талаптарының орындалуын мониторингілеу қағидаларына енгізілген негізгі өзгерістерді талқылады. Басты назар мониторинг түрлерін екіге (ағымдағы және жоспардан тыс) қысқартуға, ықтимал кемшіліктерді аумақтан тыс қарау тетігін енгізуге, процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ апелляция институтын енгізуге аударылды.
Сондай-ақ Қор тарапынан жаңа тәсілдер бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері ұсынылып, Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің форматтық-логикалық бақылауларды қолдану тәртібі талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесінде қолданылатын алгоритмдерді бейінді қауымдастықтармен талқылау жөнінде ұсыныстар берді.
«МӘМС жүйесін жетілдіруге қатысты ұсынымдарыңыз бен Қор қызметінің тиімділігі, ашықтығы мен айқындығын арттыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. 2025 жылға арналған Қоғамдық-консультативтік кеңес жұмыстарының жоспарына сәйкес, келесі отырыс медициналық қызметтерге ақы төлеу сұрақтарын талқылауға арналады», – деп атап өтті кездесу соңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тажибаева. 01.10.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



